Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет,
архивтер және құжаттамалар басқармасы

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық
және табиғи-ландшафттық музей-қорығы

«Алыс әлем шақырулары»


Ежелгі Ақбауыр ғибадатханасына астротур
12-13 тамыз, 2017

Ақбауырға  жол бастайтын астрологиялық тур кім-кімге де ұмытылмас әсер қалдырады. Атап айтқанда, бұл телескоп арқылы ғаламшарларды, жұлдыздар мен галактикаларды бақылау ғана емес, сондай-ақ, археологиялық ескерткіштерді – ертеде өткен адамдардың құлшылық етумен бірге  астрономиялық нысандарды бақылағанына куә болған ежелгі ғибадатханалармен танысу. Сіздің нақ сол арада ағып бара жатқан жұлдызға қарап, тілек тілеуіңізге әбден болады. Жалпы, тамыз айында Персеид  шоқжұлдызынан Жерге «жұлдызды жауын» жауады. Персеидтердің жаууы шын мәнінде метеорлар тобырының бірден-бір танымал және көркем ғажайыбы болып саналады. Оның қорытындысында Жер Скифта-Таттла кометасынан шыққан шаңды ортадан жол тауып шығады.

Тур бағдарламасына енетіндер:

  • «Ежелгі Ақбауыр ғибадатханасы. Ертедегі астрономдардың құпиялары» атты тартымды лекция-экскурсия. Оны тыңдау барысында жердегі ғибадатхананың ерте кезде охра бояуымен сурет салынған қабірлер орналасқан (б.д.д. V-III мыңжылдықтар) тұстары – астрономиялық нысандары мен «жерлеу рәсімі алаңына» бақылау жүргізілгенінен деректер алуға болады. Ол жерде Сіздерді ертедегі адамдардың Жаратылыстың құрылымы жайлы түсінік-нанымдары жайымен таныстырып, олардың кәдімгі тау жұрнақтары іспетті дөңес-шоқылар мен жықпылдар арқылы көктем  мен күз айларындағы күн мен түннің теңесуін, жаз бен қыста күннің ұзарып барып, тоқырауын негізгі археологиялық бақылаулар арқылы анықтап, соның негізінде маусымдық-күнтізбелік, жерлеу-еске алу және басқа да салттар мен рәсімдер жасағанынан хабардар етеді.
  • Астрономиялық нысандарды бақылауға арналған телескоппен және басқа да аспаптармен (бинокль, алысты бақылайтын дүрбі) жұмыс бойынша шеберлік дәрістерін өткізу. Сонымен бірге олардың қатарында жұлдызды аспанды картамен зерттеу, астросуретке түсіру және «фризлайт» форматында суретке түсіру түрлері де бар.
  • Телескоп арқылы астрономиялық нысандар – Айды, Сатурн, Юпитер  ғаламшарларын, солтүстік жартышарының шоқжұлдыздарын, тұман басу кезеңдерін, Құс жолын, сондай-ақ, Андромедтерді және басқа да ғажайыптарды   бақылау.
  • Жылдың жұлдыз ағатын ең әдемі мезгілі – персеидтердің ағуын бақылау.

Өзіңді астроном ретінде сезін!
Байланыс телефондары: 26-88-02; 8 705 500 6920

Астротур на древнее святилище Ак бауыр

Поделиться материалом
Copyright © 2007-2017
7343129