2017 жылдың 17 сәуірінде Ф.М.Достоевскийдің әдеби-мемориалдық музейінде «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» ғашықтар күніне арналған қазақ халқының ұлттық киімдерінен сән көрсетілімі болып өтті.
Кейінгі ұрпақ үшін қасиеті мен қадірі, мәні мен мағынасы, берер тәлім-тәрбиесі мен ұлағаты ерекше асыл мұра – қазақтың ұлттық киімдері. Қазақ ұлттық киімдері өзінің сипатымен, сырымен, сұлулығы мен сәнімен сан ғасырлық тарихының иісін сақтаған, бедерін жеткізген.
Еліміздің егемендік алып, осындай тарихи өзгерістің нәтижесінде халық шеберлерінің шығармашылық ізденісі шыңдалып, жетіле түсуде. Халық өнеріне ұлттық құндылық, қазына ретінде қарай бастадық. Енді алда осы құндылықты мәңгі рухани қайнарымызға айналдыру міндеті тұр
– Ұлттық мода, ұлттық киім, ол – ұлтымыздың болмысы. Қазіргі таңда біршама Қазақстанға танымал атақты дизайнерлеріміз  ұлттық нақышта  киім тігіп, пішіп, ұлттық киімнің түр-түрін насихаттап үлгеруде. Ал қазіргі таңда ұлттық киім, ұлттық мода отандық fashion – индустрияда бар деп айта аламыз. Себебі қазіргі тұсаукесер, сүндет тойы, қыз ұзату мен келін түсіру рәсімдерінің барлығында бай қазақ отбасылары болсын, қарапайым отбасы болсын ұлттық нақышта тігілген киімдерді киюді сәнге айналдырған.

Қозы Көрпеш-Баян Сұлу

Қозы Көрпеш-Баян Сұлу

Қозы Көрпеш-Баян Сұлу

Қозы Көрпеш-Баян Сұлу

Қозы Көрпеш-Баян Сұлу

Поделиться материалом
Copyright © 2007-2017
7120018