Күршімдік ақын Советхан Қалиғожиннің шығармашылық кеші

2017 ж. 19 сәуір сағ. 15.00-де А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында Күршім ауданының Құрметті азаматы, ҚР Журналистер Одағының мүшесі, ҚР білім беру саласының үздігі, тарихшы-ақын Советхан Қалиғожиннің шығармашылық кеші өткізілді.   

Советхан Қалиғожин – ұстаз, тарихшы, ақын. Сондай-ақ, әзіл-сықақ пен табиғаттың тылсым сырларына да үңілген қаламгер. Соған орай, шығармашылығының жанры да сан алуан болып келеді. Автордың «Тәрбие тарландарына тарту» (2010), «Өрнектелді өлең боп, өмірдің кейбір тұстары» (2012), «Нар найман саңлақтары», «Көкжарлы Қаратай батыр» (2014), «Білгің келсе,  күлгің келсе» (2016) т.б. кітаптары бар. Өлеңдері, өзекті  мақалалары мен сатиралық шығармалары облыстық, республикалық баспасөз беттерінде жиі жарияланады.

Ақынның, әсіресе, ел қорғаны болған батыр Көкжарлы Көкжал Барақ, Күркебай мерген, Жаман батыр, Ақнайман елін отыз жыл басқарған  Омар болыс  жайында жазғандары танымдық тұрғыда маңызды еңбектер.
Қарымды журналист жерлесіміз А.Қасымов автордың «Нар найман саңлақтары» кітабы жайында әңгімелейді. С.Қалиғожиннің шәкірті, жазушы, Халықаралық Алаш әдеби сыйлығының лауреаты Асқар Алтай бейнежазба арқылы құттықтайды.
С. Қалиғожин «Күршім елі» гимнінің авторы. Кездесу барысында осы «Күршім елі» гимнін» Қазына» тобы орындайды. Жастар автордың өлеңдері мен әзіл-сықақтарын оқиды.  
Шығармашылық кездесуге жергілікті  қаламгерлер, жерлес кәсіпкерлер, ұстаздың шәкірттері  мен жырсүйер қауым қатысады.

Ұстаз, тарихшы-ақын Советхан Қалиғожиннің  тарихи шығармалары мен ақық жырлары  жас ұрпақты елін-жерін құрметтеуге тәрбиелейтіні сөзсіз. 

Күршімдік ақын Советхан Қалиғожиннің шығармашылық кеші

Күршімдік ақын Советхан Қалиғожиннің шығармашылық кеші

Күршімдік ақын Советхан Қалиғожиннің шығармашылық кеші

 

Поделиться материалом
Copyright © 2007-2017
7120041