Театрдағы бір түн

Шығыс Қазақстан облыстық драма театры ұжымы 15 сәуір күні «Театрдағы бір түн» атты іс-шара өткізеді. Үш труппаның ұйымдастыруымен өтетін арнайы акция сағ. 19.00 – 23.00 аралығында өтеді.
Аталмыш іс-шара бүкіләлем театрларында бағзы заманнан бері өткізіліп келеді, біз оны 2016 жылдан бастапқана қолға алдық. Бұл кеште көрермендер қойылым көрмейді, қонақтарға арнайы дайындалған қызықты бағдарламалар ұйымдастырылған. Қойылымдарға көрермендердің қатысуымен дайындық, поэзия, проза айтып және викторинаға да қатыса аласыздар.
Сондай-ақ, әзіл-сықақ пен кино-фильмдерде айтылатын әндерді актерлермен бірге шырқайсыздар. Сондықтан кешке дос-жарандарыңызбен асығыңыздар. Келіңіздер, бірге қызықтайық, білмейтінімізді біліп, өз білгендерімізбен бөлісейік құрметті достар. Бірқызығы бұл кеште жас айырмашылығы жоқ, балалармен де келуге болады. Есігіміз ашық!!!

Театрдағы бір түн

Поделиться материалом
Copyright © 2007-2017
7406525