«Аялаған Астана» - 2017 V-республикалық телевизиялық балалар байқауы іріктеу кезеңін бастады

«Аялаған Астана» балалар байқауы Астана қаласы әкімдігі, танымал ресейлік «АРС» компаниясы және “Қазақстан” Ұлттық арнасының арнайы телевизиялық музыкалық жобасы. Ол Елордасы Астана қаласының 15-жылдығы аясында (2013 ж.) тұңғыш рет өткізіліп, республика жұртшылығы арасында, оның ішінде дарынды әнші балалар арасында үлкен сүйіспеншілікке ие болып, міне биыл 5-ші мәрте өткізілгелі отыр. Конкурсқа «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы қолдау көрсетуде. Байқаудың басты мақсаты республика бойынша жас дарынды әншілерді тауып, олардың өнерін барша халыққа таныстыру. Іріктеу кезеңінің қортындысы бойынша сараптан өткен  финалист балалар Астанаға келіп, елорданы тамашалау мүмкіндігіне ие болады, әрі қазақстандық және ресейлік ұстаздардан ән айту, актерлік шеберлік, хореография бойынша дәріс алады. Байқаудың ақтық сыны «Қазақстан» Ұлттық арнасының эфирінде көрсетіледі. Биылғы байқау Астана қаласында өтетін ірі халықаралық жоба “Астана EXPO - 2017” көрмесіне арналады.

Дәстүр бойынша «Аялаған Астана» байқауының жеңімпазы Қазақстан намысын Халықаралық «Детская Новая волна» байқауында қорғайтын болады. Өткен төрт жылда бұл сайысқа «Аялаған Астана» байқауының жеңімпаздары көкшетаулық Болат Батырбаев, алматылық Данэлия Төлешова және астаналық  Мұхаммедәлі Жүгінісов пен Жанель Садуақас қатысқан болатын. 2013 жылы Болат Батырбаев байқаудың ең стильді әншісі аталса, 2014 жылы Мұхаммедәлі Қазақстанға алғашқы лауреаттық атақ алып келді, ол конкурстың 3-ші жүлдесін иемденді.  Ал Данэлия Төлешова – Көрермендер көзайымы арнайы сыйлығына ие болды. Былтыр өткен халықаралық байқауда қазақстандық Жанель Садуақас жеңімпаздар қатарында лауреат атанып, байқаудың тарихында ең көп фан-клубы бар әнші ретінде арнайы сыйлыққа ие болды. Биылғы «Аялаған Астана» байқауының қортындысы қалай болатынын уақыт көрсетер.

Сонымен, "Аялаған Астана" – 2017 балалар байқауы өз үміткерлерін күтеді. Байқауға республика тарапынан 7 мен 13 жас аралығындағы әнші балалар шақырылады. Іріктеу кезеңіне қатысу үшін үміткерлер Ұйымдастыру Комитетінің электронды поштасына түрлі жанрда 2 әннің бейнетүсірілімін жолдауы қажет. Әннің біреуін шет тілінде орындаған (ағылшын немесе француз тілі) жөн. Әндер бейнетүсірілімде фонограммасыз «тірі дауыспен» орындалуы қажет. Бейнетүсірілім сапалы болуы, әрі дыбысы айшық естілуі тиіс. Бейнетүсірілімдерді байқаудың Бас продюсері, қазылар алқасының төрайымы Лина Арифулина бастаған музыкалық редакторлар командасы тыңдап, іріктейді. Өтініштер 2017 жылдың 15-і ақпанына  дейін ayalagan.astana2017@mail.ru электронды поштасы бойынша қабылданады. Барлық ақпаратты Астана қаласындағы +7 (7172) 70-12-14 және +7 775 000 57 71 телефондары арқылы біле аласыздар.

ЕРЕЖЕ «Аялаған Астана» - 2017 жас поп-орындаушылардың V-республикалық музыкалық телевизиялық балалар байқауы - Халықаралық «Детская Новая Волна» байқауының ұлттық іріктеу кезеңіне қатысу жөнінде

«Аялаған Астана» - 2017 V-республикалық телевизиялық балалар байқауы іріктеу кезеңін бастады

«Аялаған Астана» - 2017 V-республикалық телевизиялық балалар байқауы іріктеу кезеңін бастады

 

Парақтар өзгертілді: 20-01-2017
Copyright © 2007-2017
5491371