Құжаттық мұра

Қазақстан - Ресей: ғасырлар бойы бірге
   

 

«ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАНДА ТАУ-КЕН ІСІНІҢ ДАМУЫ (XVIII ғ. - XX ғасырдың 30 - жылдары)» ҚҰЖАТТАР ЖИНАҒЫ

А.А. Аубакиров 

Табиғат байлығының молдығына байланысты Шығыс Қазақстанды немесе Кенді Алтайды Қазақстан маржаны деп атауға құқылымыз. Табиғат бұл өлкеге ну орман мен шөл даланы, таулы көлдермен және құдыретті өзенді, нан егіндерімен және альпалық шалғындарды, өте бай кен шығатын жерлерді сыйға тартқандай.

Кенді Алтайдың шекералары тау жыныстарының ерекшеліктері бойынша геологтармен белгіленеді, алдымен олардың жасы бойынша, ал оның аты мұндағы полиметалл кенінің (мырыш, мыс, қорғасын) және бағалы металлдар кенінің молшылығына байланысты.

Кенді Алтайда пайдалы қазбалардың кен орындарының көбі 4000 жыл бұрын Ертістің екі жағы бойынша ерте замандағы металлургтермен жүргізілген «чудтік жұмыстар» атты іздер бойынша табылды. XVIII ғасырда кен іздестіру ерекшелігі, ежелгі тау кендерін өңдіру қалдықтары: шұңқырлар, шахтылар және осылардың айналасындағы үйінділер полиметалл кен орындарын табудың негізгі іздестіру қасиеттерінен тұрды.

I-Петрдің патшалық құрған жылдарында Алтайдың тау-кен байлығы туралы жұрт таныс болатын.1706 жылы кен қазба істері атты ерекше бұйрық, ал 1719 жылы тау-кен өнеркәсібін жүргізетін Берг-коллегия құрылды.

Бухгольцтің (1715ж), Лихареваның (1720ж) экспедициялары Шығыс Қазақстанның жер асты қазбаларын белсене шығару бастамасы болды. 1826 жылдан бастап жеке тұлғаларға алтын құмдар мен кендерді шығаратын бос, қазыналық жерлерге ресми рұқсат беріле бастады. Шығыс Қазақстан аумағында күміс және мыс кендерін іздестіру  1761 және 1786 жылдардағы патша үкіметінің Жарлығының арқасында жандандырыла бастады, бұл алғаш ашқандарға сыйлық беру көбейген кезде іске асты, олардың қатарында 1791 жылы чудтік қазба бойынша Зырян кен орнын ашқан слесарлықты үйренуші оқушы Зырянов болды.
1786 жылы Ф.Риддер экспедициясы ескі чудтік кен шығаратын жерлерден полиметалл кендерінің бай орындарын тапты, бірақ жолдың жоқтығынан ол жерді игеру тек қана 1791 жылы Зырян, ал 1797 жылы Белоусовка кен орындарын ашумен басталды.   

Риддерлік кен орны жаңа кен орындарын зерттеу мен шығарудың бастамасы болды. 1812 ж. – Крюковкалық, 1817 ж. – Филипповкалық, 1820 ж. – Сокольный кен орындары ашылды.

XIX ғасырдың ортасында Риддер тобына 20-дан аса кен шығаратын жерлер кірді. Бай қорғасын мен мыс кен орындарынан басқа, олардың ішінде алтын мен күміс те бар.
Ұсақ алтын шығарудың ең көп дамыған кезеңі 1892 жылдан бастап 1901 жыл бойынша:
1901 жыл – Валентиновка кеніндегі Теректі өзені жүйесінің, Федоро-Ивановка кені Джумба өзені жүйесінің Баладжал мекенінде алтын кенінің ашылуы;
1903 жыл – Сенташ мекені, Канайка өзені бойында («Удалой» кені);
1905 жыл – Толоғай тауының жанында, Қызылке мен Джантас, Кулуджун мен Куперлам өзендері бойында, Беттікелдідегі Лайлы жүйесінде, Қараткүл бойында;
1908 жыл – Акджал, Даубай және Боко ашылды.
Тау-кен зауытының өнеркәсібі XVIII ғасырдың екінші жартысында және XIX ғасырдың бірінші жартысында Кенді Алтай экономикасының бас саласы болып табылды.  

Ресейде крепостнойлық құқық тоқтатылғаннан кейін Алтайдың тау-кен өнеркәсібі арзан жұмыс күшінен айрыла және техникалық қайта жөндеуді қажет етіп кенет төмен түсе бастады. Осыған сол кездегі Алтай тау-кен өнеркәсібінің негізгі өнімі - күмістің бағасының төмендеуіне әкеп соқты. Алтай зауыттарының жабылуымен бірге, Кабинет кейбір полиметалл тау-кен орындарын шет ел капиталистерінің концессияларына тапсыру жолына шықты, бірақ олар тау-кен өнеркәсібінің дамуына мүмкіндік жасаған жоқ, керісінше басымдылық жолмен ұрлау, талан-таражға салу арқылы пайдалануға және кендерді қайта сататын алыпсатарларға жол берумен шұғылданды.

Сонымен, 1905 жылы Кабинетпен барлық Риддерлік тау-кен топтары австриялық «Турн және Таксис» компаниясына берілді. 1914 жылы ағылшындар Риддерде ірі тау-кен өнеркәсіп кәсіпорның ұйымдастыруға кірісті, бірақ 1916 жылы су төгетін насостарды электр қуатымен жабдықтау кезінде іркілген судың салдарынан кен орнын су басып кетті.

Ірі полиметалл орталығы ретінде Кен Алтайдың екінші жаратылысы Октябрь революциясынан кейін болды.
1918 жылы 11 мамырда РКОФР СНК Риддерлік акционерлік қоғамның барлық кәсіпорындарын ұлттандыру туралы шешім қабылдады.
АХШ Өскемен уезінің кенревком өкілдерінің губерниясында алтын өнеркәсібінің және тау-кен ісінің жағдайына басшылық және бақылауды жүзеге асыратын кеңес съезі болды, онда Семипалатинск губерниясының алтын өнеркәсібін ұлттандыру және Алтын топтарының акционерлік қоғамын құру туралы шешім қабылданды.

1923 жылы Мәскеуден Риддерде алтын шығару үшін цианистік зауыт және мырыш шығару үшін электрлік ең жақсы зауыт салу туралы өкім түсті.
1924 жылы екі дербес алтын өнеркәсібінің ауданы құрылды, оның құрамында Акджаль мен Алтай трестері болды, 1925 жылы бұлар бір трест болып бірікті, ал Қазвостокалтын- деп аталды, 1930 жылдың сәуірінен Бүкіл Одақтық Алтай Тресті Алтайцветметалтын болды. 1933 жылдың маусым айында трест Бүкіл Одақтық Алтай алтын өнеркәсіп тресті Алтайалтын болып өзгертілді.

1924 жылы Үкіметтің шешімімен Қазақстан және Кеңес Одағының ірі өндірістік бірлестіктерінің бірі – жалпы Одақтық мемлекеттік трест «Алтай полиметалл» құрылды, оған Риддерлік және Экібастұздық түрлі-түсті металлургтер кәсіпорындары кірді.
1926 жылы Григорьевка шахтасы, 1928 жылы – Риддердің тау-кен және металлургиялық өнеркәсібі қайтадан жаңғыруына қуат берген Зариузовка ГЭС-і жұмыс істеуге кірісті.  

1934-1936 жылдары Үлбі ГЭС-ның ғимараты салынды, Тишинка су қоймасы құрылды.
Шығыс Қазақстанда қалыптасқан алтын өнеркісібін басқару жүйесі өзін тиімді және осы саланың ары қарай дамуына мүмкіндік жасау жағынан көрсетті.
Оқырманға ұсынылып отырған жинақ құжаттар тілімен Шығыс Қазақстанда аталған XVIII ғасырда – ХХ ғасырдың 30-шы жылдарында тау-кен ісін дамытудың барлық кезеңдерін бейнелейді, деректер негізінде пайда болу тарихын және Шығыс Қазақстан аумағында тау-кен өнеркәсібтің дамуын қайта құрады – 1716 жылдан бастап 1939 жыл бойынша.

«Шығыс Қазақстанда тау-кен ісінің дамуы (XVIII ғ. - ХХ ғасырдың  30 жылдарында )» құжаттар жинағында  Шығыс Қазақстанның индустриалық дамуы, оның артта қалған өлкеден Қазақстанның ең маңызды индустриалық дамыған аудандарының біріне айналу үрдісі ашылады. 

Шығыс Қазақстан тарихы шет елдер архивтерінің құжаттарында

 

Парақтар өзгертілді: 05-08-2016
Copyright © 2007-2017
5946297