"Көкпекті ауданының мемлекеттік архиві" КММ-нің барлық жеке тектік қорлары

Архив тарихы
Қорлар мінездемесі
Көрмелер мен жариялымдар
Жеке текті қорлар
Сұраныстар және қызмет көрсету

Жеке текті қорлар

Сұлтанбек ӨрісбайұлыСұлтанбек Өрісбайұлы (1924-2006 ж.ж.)  – Ұлы Отан соғысының ардагері, Қазақ КСР үздік халықаралық ағартушысы, КСРО ағартушысы, Көкпекті ауданының оқу бөлімінің ардақты ағартушысы.

1924 жыл 10 желтоқсанда Семей облысы, Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылында жұмысшы отбасында Сұлтанбек Өрісбайұлы дүниеге келді.

1932 жылы сегіз жасында жетім қалған Сұлтанбекті жам ағайындары Горький атындағы балалар үйіне тапсырады.

1942 жылы Горький атындағы орта мектеп түлегі және балалар үйінің тәрбиеленушісі Сұлтанбек Өрісбайұлы майданға аттанады.

1945 жылы Сұлтанбек Өрісбайұлы Ұлы жеңісті неміс жерінде көреді. Ұлы Отан соғысына қатысқаны үшін «Қызыл Жұлдыз», үшінші дәрежедегі Слава орденін иеленіп, «1941-1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысының Германиядан жеңіске жетуі туралы «Берлинді жаулап алғаны үшін», «Праганы босатқаны үшін» жауынгерлік медальдарымен марапатталған.

1947 жылы Сұлтанбек Өрісбайұлының әскери борышы аяқталады. Осы жылы туған ауылына және майданға аттанған кезіндегі балалар үйіне оралады.

1948 жылы Сұлтанбек Өрісбайұлы отбасынсыз және туған- туысқандарсыз еңбек жолын балалар үйінде тәрбиеленуші болып бастайды. Семей қаласындағы педагогикалық институтына сырттай оқуға түсіп, 1951 жылы тарих факультетін ойдағыдай аяқтап, тарих мұғалімі мамандығын алып шығады.

1984 жыл. Сұлтанбек Өрісбайұлының еңбек кітапшасында тек екі жазба бар. 1948 жылы жұмысқа қабылдау туралы және 1984 жылы зейнеткерлікке шығуына байланысты жұмыстан босату туралы. Сұлтанбек Өрісбайұлы өмірінің отыз алты жылын жетім балаларды тәрбиелеуге арнады.

Сұлтанбек Өрісбайұлы мінсіз, ұдайы еңбек еткені үшін «Қазақ КСР үздік халықаралық ағартушысы», «КСРО ағартушысы» белгілерімен марапатталды. Ол Көкпекті ауданы бойынша оқу бөлімінің ардақты ағартушысы болып танылды. Қазақ КСР Жоғары Советі Президиумы, өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесіне зор үлес қосканы үшін Сұлтанбек Өрісбайұлын мадақтау грамматасымен марапаттайды.

Сұлтанбек Өрісбайұлы еңбегі сіңген демалыс барысында, қоғамдық жұмыстар жүргізуде Көкпекті ауданының балалар үйі қызметкерлерімен хабар үзбей, үнемі жас тәрбиешілермен тәжірибесімен бөліседі. Өмірінің соңына дейін Сұлтанбек Өрісбайұлы аудан мекемелері мен кәсіпорындарының, ауыл мектептерінің асыға, сағына күтетін қонағы болатын.

Сұлтанбек Өрісбайұлының бүкіл ғұмыры Отанды қорғауға, әке-шешелері әр-түрлі себептермен асырай алмайтын жетім балалардың тәрбиесіне арналды.

Көп жылдар бойы педагогикалық еңбек жолындағы оның басты мақсаты – халық азаматтарын ұйымшылдыққа, еңбекке, балаларды алдына мақсат қоя білуге үйрету болатын.Сұлтанбек Өрісбайұлы балалар үйінде тәрбиеленгендіктен жетім балалардың ішкі жан дүниесін , ойын, табиғатын жақсы түсінетін.
Сұлтанбек Өрісбайұлы әрі қиын әрі бақытты өмір сүрді. 2006 жылы 82 жасында өр тұлғалы азамат қайтыс болды. Алты бала, он бір немере, үш шөбере тәрбиелеген ардагер атаны, қарапайым ұстазды Көкпекті ауданының Раев атындағы балалар үйінің қызметкерлері ақырғы сапарға шығарып салды. 

С.Өрісбайұлының Көкпекті ауданының оқу бөлімінің ардақты қызметкерінің куәлігі
С.Өрісбайұлының Көкпекті ауданының оқу бөлімінің ардақты қызметкерінің куәлігі
 
С.Өрісбайұлының «КСРО үздік халықаралық ағартушысы» куәлігі
С.Өрісбайұлының «КСРО үздік халықаралық ағартушысы» куәлігі
 
С.Өрісбайұлының орден кітапшасы
С.Өрісбайұлының орден кітапшасы

 

Золотухин Василий Исаевич Золотухин Василий Исаевич (1923-2004 ж.ж.) – Ұлы Отан соғысына қатысушы, еңбек ардагері.

1923 жылы 18 қарашада Василий Исаевич Золотухин Семей облысы, Көкпекті ауданы, Воздвиженка ауылында дүниеге келді.

1941 жылы он сегіз жасар Василий майданға аттанады.

1944 жылы фашисттік Германиямен күреске қатысқаны үшін В.И.Золотухин «Ерлігі үшін» медалімен марапатталады.

Соғыс аяқталғаннан кейін, 1945 жылы В.И.Золотухин Пензенді артиллериялық-минометті училищесіне оқуға түседі.

1946 жылы Василий Исаевич Золотухин туған өлкесі Семей облысы, Көкпекті ауданы, Воздвиженка ауылына оралады, туған жер топырағында дене шынықтыру мұғалімі болып  жұмыс істейді.

1950 жылы В.И.Золотухин жанұясымен бірге Черепаново (Россия) қаласына көшеді. Мұнда әскери қызмет қатарында жұмыс істейді. Василий Исаевич сол сұрапыл соғыс туралы, махаббат жайлы, өзімен қызметтес болған адамдар туралы өлеңдер жаза бастайды, поэзиялық қабілеті бастау алады.

1953 жылы В.И.Золотухин жанұясымен бірге туған өлкесі Қазақстанға қайтып оралады, Көкпекті автотранспорттық кәсіпорынында жүргізуші болып жұмыс істейді.
1958 жыл. Отыз жыл бойы сүйікті ісімен шұғылданды. Еңбек және соғыс ардагері В.И.Золотухин зейнеткерлікке шығады.

Василий Исаевич Золотухин зейнеткерлік кезінде үлкен қоғамдық маңызы бар жұмыстар атқарады. Ол жас өрендермен кездесіп, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы жауынгерлік шайқастарын әңгіме қылатын, сонымен қоса өлең жазатын.

Ұлы Отан соғысына қатысқаны үшін соғыс ардагері «Ерлігі үшін», «1941-1945ж.ж. Ұлы Отан соғысында Германияны женгені үшін», «1941-1945ж.ж. Ұлы Отан соғысының жиырма жылдық жеңісі үшін», «КСРО Қарулы күштерінің 50 жылдығына», «Ұлы Отан соғысының жиырма бес жылдығына», «1941-1945ж.ж. Ұлы Отан соғысының отыз жылдық жеңісі үшін», «Еңбек ардагері», «КСРО Қарулы күштердің 60 жылдығына», «1941-1945ж.ж. Ұлы Отан соғысының қырық жылдық жеңісіне», «КСРО Қарулы күштердің 70 жылдығына», «1941-1945ж.ж. Ұлы Отан соғысының елу жылдық жеңісі үшін», «Г.К.Жуковтың Совет Одағының маршалдары» медальдарімен марапатталды.

Егде тартқан жасында ардагер ақындық шығармаларының жинағын шығаруды армандады. Бірақ оның арманы сол арман күйінде қалды.

2004 жылы Василий Исаевич Золотухин 81 жасында қайтыс болды. Ол балаларының Отаны болған Көкпекті ауылында жерленді.

В.И.Золотухиннің орден кітапшасы
В.И.Золотухиннің орден кітапшасы
 
В.И.Золотухиннің өленінен үзінді.
В.И.Золотухиннің өленінен үзінді
 

"Көкпекті ауданының мемлекеттік архиві" КММ-нің барлық жеке тектік қорлары

Парақтар өзгертілді: 07-02-2019
Яндекс.Метрика
Copyright © 2007-2019
9079894