ШҚО архивтер және құжаттама басқармасының «Көкпекті ауданының мемлекеттік мұрағаты» КММ

Архив тарихы
Қорлар мінездемесі
Көрмелер мен жариялымдар
Жеке текті қорлар
Сұраныстар және қызмет көрсету

Сұраныстар және қызмет көрсету

«Көкпекті ауданының мемлекеттік архиві» КММ архив қорын пайдалана отырып, сұраныспен келушілердің өтініштерін қанағаттандыру мақсатында тақырыптамалық сұраныстармен әлеуметтік – құқықтық сипаттағы сұраныстарды орындайды. Оның ішінде: еңбек өтілін растау,еңбек ақысын теру, мекен-жайы бойынша тұрғандығын анықтау, оқығаны туралы, ноториалдық құжаттардың көшірмелері. Сонымен қатар жыл бойы  ғылыми жобаларды жазуға ізденушілерге көмек көрсету жұмысы жүргізіледі. Жыл сайын фото көрмелер, әдістемелік-семинар оқу сабақтары өткізіледі.
Архивтік анықтама 12 қаңтар 2007 жылғы № 221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі» заңына сәйкес орындалады.
«Көкпекті ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2018 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Үкметінің № 14 «Архивтік анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет стандартының негізінде жұмыстар жүргізеді. Бұл қызмет өтініш берүшілерге «Архив анықтамаларын беру» мемлекеттік қызметі электрондық үкімет порталында электрондық сандық қолтаңбасыз біржолғы құпиясөзін енгізумен қол жетімді.

Қызмет алушыға біржолғы құпиясөзі арқылы қызмет алу үшін:

  1. «Электрондық үкімет» порталында www.egov.kz авторизациядан өту керек.
  2. Жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) және азматтардың мобильді базасында тіркелген ұялы телефон нөмірін жазу керек. Ол үшін ұялы телефонның нөмірі жеке сәйкестендіру нөміріне (ЖСН) байлану керек, оны «Электрондық үкімет» сайтында қолданушының жеке кабинетінде жасауға болады немесе Халыққа қызмет көрсету орталығына сұрау салуға болады.
  3. ЖСН ұялы телефон нөмірін енгізгеннен кейін қолданушыға біржолғы құпиясөзі автоматты түрде келіп, сол арқылы мемлекеттік қызмет ала алады.
  4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі - құжаттар пакетінің тапсырылған күнінен 11 (он бір) жұмыс күн.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру формасы – қағаз түрінде. Порталда мемлекеттік көрсететін қызметінің нәтижесін алу күні, уақыты және алатын орны көрсетілген хабарландыру жіберіледі.
Қызмет беруші мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін 1 (бір) жыл көлемінде сақталуын қамтамасыз етеді.
Электрондық мекен-жайымыз: arhif_kok@mail.ru.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттiк қызметті көрсетудің нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті беруші;
2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес кционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
3) www.e.gov.kz «электрондық үкiмет» веб-порталы (бұдан әрi – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2018 жылы 3348 әлеуметтік-құқықтағы сұраныс түсті, оның ішінде:
заңды тұлғалардан – 313, жеке тұлғалардан – 3035, тақырыптық - 475, орындалғаны-3348, оң жауаппен – 2748, мемлекеттік корпорация арқылы 982, веб-портал арқылы – 1566, қызметті беруші арқылы – 800 сұраныс түсіп орындалды.

Отправить запрос

Парақтар өзгертілді: 06-02-2019
Яндекс.Метрика
Copyright © 2007-2019
8878694