ШҚО архивтер және құжаттама басқармасының «Көкпекті ауданының мемлекеттік мұрағаты» КММ

Архив тарихы
Қорлар мінездемесі
Көрмелер мен жариялымдар
Жеке текті қорлар
Сұраныстар және қызмет көрсету

Кормелермен жариялымдар

Көкпекті ауданының мемлекеттік мұрағатында жыл сайын сурет көрмесі ұйымдастырылады. Экспонаттар үшін жеке шығу тегінің топтамасы қорындағы құжаттардың көшірмелері пайдаланылады. 2002 жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне арналған  Көкпекті ауданының мектебіндегі Кеңес кезіндегі алғашқы ұстаз Ш.Б.Фахрутдинов туралы «Қайнар көзіне» атты сурет көрмесі ұйымдастырылды. 2003 жылы тың игерудің 50 жылдығын тойлау құрметіне «Тың игеруге жарты ғасыр» атты сурет көрмесі ұйымдастырылған болатын, онда М.Үтебековтың, А.Я.Булгактың істеген ауыр жұмыстары туралы айтылды. 2004 жылы ұйымдастырылған «Диқаншының қолтаңбасы» атты сурет көрмесі Социалистік Еңбек Батыры А.Я. Булгакқа арналды. 2005 жылғы өткізілген «Олар Жеңісті жақындатты» атты сурет көрмесі Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Жеңістің 60 жылдығына арналды, онда соғысқа қатысқандардың: Кеңес Одағының Батыры К.Аухадиевтің, В.И.Золотухиннің, М.Үтебековтың, Ж.Мұртазиннің құжаттары енгізілді. 2006 жылғы «Өмір жолы» атты сурет көрмесі Соғыс және Еңбек ардагері В.И. Золотухинге арналды. 2007 жылы архив қызметкерлерімен «Көкпекті ауданының тарихы» атты көрме өтті, 2008 жылы  «Сенің атын ұмытылмас» афган жауынгері Н.Разаковқа арналған көрме  өтті, 2009 жылы Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Жеңістің 65 жылдығына арналған өткізілген «Олар Жеңісті жақындатты» атты сурет көрмесі  өтті, 2010 жылы «Көздері, жасқа толған мейрам»- Женіс күнінің 65 жылдығына арналған сурет көрмесі өтті. Көрме тақтасында Көкпекті ауданының мектеп оқушыларының қатысуымен мектеп сабақтарын өткізу дәстүрге айналды.
Он   бес жыл    көлемінде    облыстық,    аудандық    газеттерге     мақалаларды жариялау жоспарлы түрде жүргізілетін болды. «Жерге өшпес із қалдырды» (Аудандық «Новая жизнь» газетіне жарияланды) Көкпекті ауданының мемлекеттік мұрағатының мұрағатшысы Р.Үреспаева
Қазақстан Республикасының 15 жылдығын тойлау барысында Көкпекті ауданының мемлекеттік мұрағатының жеке шығу тегінің қор құжаттары жауынгер-интернационалист Нұрсұлтан Разақовтың құжаттарымен толықты.
Жерге өшпес із қалдырған, жұлдыздай жарқырап сөнетін тағдыры бар Нұрсұлтан Разақов қысқа бірақ, өте мағыналы өмірді бастан өткізді. Ол Қарағандыкөл ауылында 1960 жылы мамыр айында жұмысшы отбасында дүние есігін ашты. Нұрсұлтанның әкісі мен анасы оны бала кезінен  адамның ең жақсы қасиеттеріне баулыды. Иә, ол үшін ағасы мен үлкен әпкесі еліктеуге лайықты   үлгі болды. 
1975 жылы   Нұрсұлтан Разақов Қарағандыкөл ауылындағы Шмид атындағы орта мектепте барлық пәндерден жақсы білім көрсетіп  сегіз классты тәмандап, 1978 жылы Н.Разақов  оның басқа құралпастары сияқты Кеңес Әскерінің қатарында өз қызметін бастайды. Оның әскерде жүріп жазған хаттары қызмет туралы, махаббат және туысқандарына тезірек оралу туралы болды. Бірақ ол Афгандағы қиын және қатыгез қызмет туралы бірде-бір сөз  жазған емес. Жақындары оның өмірден өткеніне бүгінгі күнге дейін сенер емес. Нұрсұлтан Разақовтың жеке бас құжаттарын тұрақты сақтауға үлкен апайы  Роза Орақбайқызы Мақұлбаева Көкпекті ауданының мемлекеттік мұрағатқа өткізді.
Даусыз жылдар өтер, жауынгер-интернационалистерге оқушылар ғана емес, сонымен қатар өлке танушылар және тарихшылар да жүгінетін болады.
2002 жылдан бастап тақырыптық-экспозициялық көрмені дайындау және оларды жариялауды ұйымдастырушы Көкпекті ауданының Мемлекеттік архиві болып табылады. 2002-2015 жылдары аралығында 15 көрме дайындалды және рәсімделді:
1.«Қайнар көзіне» Бірінші кеңес мектебінің ұстазы, Көкпекті ауылының бұрынғы тұрғыны Ш.Б.Фахрутдиновқа. №58 қордың №2 тізімдемесінен 26 құжат пайдаланылды. Көрме 2002 жылы  рәсімделді.
 2.«Жарты жылдық -тың жырау» тың игерілген және салынған жерлердің 50 жылдығына арналды. 58 қордың 3 тізімдемесіндегі Көкпекті ауданының  бірінші тың игерушісі жеке тұлға М.Үтебековтың колекциясынан қолданылды. Көрме 2003 жылы рәсімделді. 
3.«Диқаншының қолтаңбасы» Большевик совхозының комбайнері, социалистік еңбек батыры А.Я.Булагқа арналған. 58 қордың 5 тізімдемесінен 22 құжат қолданылды. 
4.«Олар жеңісті жақындатты» - Ұлы Отан соғысының 60 жылдығына арналды. 52 қордың 3,6 тізімдемесіндегі жеке тұлғалардың Қ.Аухадиев, Ж.Мұртазин, В.Золотухин, М.Үтебековтің коллекцияларынан 24 құжат қолданылды. 
5.«Өмір жолы» Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагері В.И.Золотухинге арналған. 58 қордың 6 тізімдемесінен 23 құжат қолданылды. Көрме 2006 жылы рәсімделді. 
6.«Көкпекті ауданының тарихы» Көкпекті ауданындағы білімге арналған. 58 қордың 1,7 тізімдемесіндегі 21 іс қолданылды. Көрме 2007 жылы рәсімделді. 
7.«Сенің атын ұмытылмас» афган жауынгері Н.Разаковқа арналған. 58 қордың 10 тізімдемесіндегі 24 құжат қолданылды. Көрме 2008 жылы рәсімделді. 
8. «Олар Женісті жақындатты» - Женіс күнінің 65 жылдығы жақындауына арналған. 58 қордың 6-8 тізімдемелерінен 24 құжат қолданылды. Көрме 2009 жылы рәсімделді.
9. «Көздері, жасқа толған мейрам»- Женіс күнінің 65 жылдығына арналған. 58 қордың 3-4, 6-7, 13 тізімдемелерінен 19 бейне құжаттар қолданылды. Көрме 2010 жылы рәсімделді.
10. «Жылдар өткен соң»- Шығыс Қазақстан облысының Көкпекті аудының ардагерлеріне арналған. 58 қордың 1-15 тізімдемелерінен 38 құжат қолданылды. Көрме 2011 жылы рәсімделді.
11. «Ғасырмен жасты»- Ұлы Отан соғысының қатысушысы И.И.Бирюковқа арналған. 58 қордың 17 тізімдемелерінен 19 құжат қолданылды. Көрме 2012 жылы рәсімделді.
12. «Көкпекті ауанының тарихи тұлғалары» - Көкпекті ауданының 80 жылдығына арналған. 58 қордың 19 тізімдемелерінен 35 құжат қолданылды. Көрме 2013 жылы рәсімделді.
13. «Памяти павшим будьте достойны» - Ұлы Отан соғысының мен тыл ардагерлеріне арнарған. 58 қордың 3-20 тізімдемелерінен 27 құжат қолданылды. Көрме 2014 жылы рәсімделді.

14.«Поэт-степей» - ақын, прозаик, ақын-импровизатор, өлкетанушы, жазушылар одағының мүшесі Каликан Калиаскарұлы Алтынбаевқа арналған. 58 қордың 1 тізімдемеден 20 құжат қолданылды. Көрме 2015 жылы рәсімделді.

15. «Жакия Чайжунусов-учитель, наставник, воспитатель многих детей-
сирот» - мұғалім, новато, балалар үйінің директоры Жакия Чайжунусовқа  58 қордың 25 тізімдемеден 16  құжат қолданылды. Көрме 2015 жылы рәсімделді.
Көкпекті ауданындағы мемлекеттік мұрағатында жыл сайын аудандағы танымал жеке тұлғалардың құжаттарын ғылыми-техникалық өңделуі әдетке айналған. Тақырыптық-экспозициялық көрмені және оны жариялауға дайындық үшін СТК бекітілгеннен кейін бірден құжаттар өңделеді.
2009-2010 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысқан тұлғалардың жеке құжаттарын тапсыру және олардың туыстарының құжаттарын келешекте мемлекеттік мұрағатта сақтау мақсатында архив қызметкерлерімен белсенді жұмыс жүргізілді. Сондықтан соңғы  жылдары  Кеңес одағы батыры Қ.Аухадиевтің, еңбек және соғыс ардагері Г.Нуржановтың, Ж.Муртазинның, И.Бирюковтың, Н.Тусупжановтың,  А.Кудашкиннің, В.Золотухиннің, С.Үреспаевтың, М.Үтебековтың, В.Калачиковтің, Ш.Фахрутдиновтің, Х.Байбұлованың, М.Лютованың, К.Кусайновтың, Н.Бычковтың, Г.Касеновтың, А.Туспековтың афган жауыңгері Н.Разаковтың, социалистік еңбек батыры А.Булгактың, «Құрмет белгісінің» иесі  Жакупбавтың, ақын-импровизатор Қ.Алтынбаетың, Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген мұғалімі, ағарту саласының үздігі  Ф.Мухамедьярованың құжаттары өңделіп сақтауға алынды. 2015 жылы жеке шығу тектегі құжаттар еңбек және соғыс ардагері М.Халиуллиның, Ф.Гаргановтың, Е.Кинбаевтың, С.Винниковтың, Ф.Бектембаевтың, Н.Акшаловтың, П.Цепковтың, А.Бектасовтың және А.Наурызбаевтың  құжаттарымен толықтрылды.
Ұлы Отан соғысының 65 жылдығы нәтижесінде «Бұл Жеңіс күні» атты тақырыптық-экспозициялық көрме және «Көзінде жасымен мейрамы» атты фото көрмесі ұйымдастырылды. Көрме үшін соғыс кезіндегі фоталар, соғысқа қатысқан М.Үтебековтың, К.Калачиковтың, С.Үреспаевтың, В.Золотухиннің, Қ.Аухадиевтің, Ж.Мұртазиннің, И.Бирюковтың, Г.Нұржановтың, А.Қудашкиннің бейбітшілік күндері, құжаттары қолданылды. Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына орай  «Ерлік елге-мұра, ұрпаққа–ұран» атты фото көрмесі ұйымдастырылды.

Жыл сайын Мемлекеттік архивтің қызметкерлері аудандық газет беттерінде «Архивтер айтады» атты тарауларында мақалалар жариялайды. 2009 жылы архив құжаттары бойынша 6 мақала жарияланды: «Дивинкалардың ғажап тарихы», «Ақын, тілші, жазушы», «Жерлестеріңіз туралы айтамын», «Нан иісі шығатын қолынмен мақтан», «Ұрпақ үшін сақтау», «Аттары бойынша еске түсірейік». Осы жылы Қ.Алтынбаевқа арналған «Ақын, жазушы, тілші» туралы кітапша дайындалды.

2010 жылдың 6 ай ішінде аудандық газет беттерінде: «Оның тағдыры туып-өскен жерінің тарихымен тығыз байланысты», «Шақыру бойынша жауынгер», «Келешек ұрпақ үшін сақтайық», «Олардың есімін әр біреуіміз білуіміз керек», «Бұл біздің өмірбаянымыз», «Өтініш берушінің қалауы бойынша» атты 6 мақала жарияланды.
 2011 жылы аудандық «Новая Жизнь», «Жұлдыз»  газетт беттерінде «Борьба с коррупцией», «О выделении здания архиву», «Қазақ тілі басты мәселе», «Архиву  -  юбилейный подарок», «Кішкентай Назымның достары» атты мақалалар шықты. 
2012  жылы  «Рудный Алтай» газетінде Көкпекті ауданының мемлекеттік архиві жаңа ғимаратқа көшкені және жаңа мекен-жайы туралы «Архив  переехал»  атты мақала шықты, аудандық «Новая Жизнь», «Жұлдыз»  газетт беттерінде «Время субботников» и «1 мая –праздник единства  народа Казахстана», «Дорога в школу», «Листая страницы истории», «Почти ровесник века», «Яркий след на земле» атты мақалалар шықты.
2013 жылы   аудандық газетте «Болашаққа жол сілтейтін шамшырақ»,  «Наурыз-мейрамы»,  «Мұрағаттану ісінің үздігі туралы сыр», «Учитель ее имя»- Фердауса Мухамедьярова, «Мемлекеттік архив электронды пошта қызметін ұсынады», «Певец степей» - Каликан Алтынбаев, «Встреча в библиотоке»,  «Закону об архиве – 15 лет»,  «Семинар в архиве» атты мақалалар басылып шықты.
2014 жылдың басынан  «Келешек ұрпаққа сақтау үшін», «Өшпес ерлік», атты мақалалар басылып шықты.

2015 жылы аудандық «Новая Жизнь» - «Жұлдыз»  газетт беттерінде  екі тілде «Архивтік анықтама беру», «Майдангер ақын өмірінен бір үзік сыр», «Халыққа сапалы қызмет көрсету», «Тыл еңбеккерлеріне құрмет», «Мұрағаттағы қызмет туралы», «Тығыз серіктестік байланыс», «Архивтік анықтама беру қалай іске асырылады»  атты мақалалар  басылып шықты.

2016 жылы аудандық «Новая Жизнь» - «Жұлдыз» газет беттерінде екі тілде «Халыққа сапалы мұрағаттық қызмет көрсетілуде»,«Жерлесіміздің жарқын және қанық өмірі»,«Тарихымыздың алтын қоймасы», «Құжаттарды мұрағатқа өткізу», «Ардагер өмірінен мөлтек сыр», «Архивтік анықтама беру» қызметін қалай алуға болады онлайн атты мақалалар басылып шықты.

2017 жылы - «Выдача архивных справок», «Архивные документы рассказывают», «Айтыстың ақтаңгері жайында бір үзік сыр.

2018 жылы аудандық «Новая Жизнь» - «Жұлдыз» газеті беттерінде екі тілде «Веб-портал» мемлекеттік үкіметі» арқылы бойынша архивтік анықтама беру» және «Архив -2025» жеті жылдық бағдарламаның маңызы» атты мақалалар басылып шықты.

Парақтар өзгертілді: 06-02-2019
Яндекс.Метрика
Copyright © 2007-2019
9080018