Басқарманың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі


Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ақпарат

Елбасы қазақстан қоғамында сыбайлас жемқорлықты жою бойынша жоспарланған саясатты әрқашан жүргізген.
Сыбайлас жемқорлықпен күрес әрбір мемлекет үшін өзекті және күнделікті мәселе болған. Мемлекеттік қызметшілердің сатынан сыбайлас жемқорлықтың іс-әрекеттерінің пайда болуы нарық экономикасының жағдайында мемлекеттің дамуына кедергі болып, қоғамда билікке сенімсіздік туғызады.

Біздің еліміздің барлық күш-жігері әлемдік қаржы дағдарысының салдарымен күресуге жұмсалған кезде сыбайлас жемқорлықтың мәселесі өте өзекті болып тұр. Сондықтан, Елбасымыздың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша құқық қорғау органдары жұмыстарын күшейту туралы қабылдаған шешімдері қажетті және уақытылы болып табылады.
Тәуелсіздікке қол жеткізген кезден бері Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа төтеп беру және күресу бойынша  бірқатар нормативті-құқықтық актілер мен мемлекеттік бағдарламалар қабылданған. ТМД елдері арасынан Қазақстан бірінші болып «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заңын қабылдаған.

Сонымен қатар нормативтік-құқықтық негізді уақытылы жетілдіруге қажеттілік бар.
2009 жылдың 22 сәуіріндегі Қазақстан Республикасының Президентінің «Сыбайлас жемқорлықпен және қылмыстармен күресті күшейту бойынша қосымша шаралар және Қазақстан Республикасында құқық қорғау саласын әрі қарай жетілдіру туралы» жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлықпен күрес жаңа деңгейге шығарылады. Қазақстан заңнамасында алғашқы рет  азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүріс-тұрыстарын қолдайтын шаралар қарастырылып, мемлекеттік қызметшілерге оларға жария болған сыбайлас жемқорлықтың фактілері туралы хабарлау міндеттелді.
Жарлыққа сәйкес мемлекеттік органдардың және ұйымдардың, мемлекеттің үлесі бар ұйымдардың басшыларына жеке жауапкершіліктің тағайындалуымен сыбайлас жемқорлыққа төтеп беру міндеттелді. Бұл шара басшылардың оларға сеніп тапсырылған мемлекеттік органдармен ұйымдарда жүргізген кадрлық және сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша саясаттарына жауапкершіліктерін күшейтуге мүмкіншілік береді.
Жарлыққа сәйкес сыбайлас жемқорлыққа төтеп берудің шараларының бірі болып азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүріс-тұрыстарын қолдау болып табылады. Бұл шара өзіне сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын болдыртпау және ашу үшін мадақтау механизмдарын да кіргізген. Азаматтарды сыбайлас жемқорлықпен күресуде құқық қорғау органдарына көмектескендері үшін мадақтау тәжірибесі сыбайлас жемқорлықпен оңтайлы күресіп жатқан көптеген мемлекеттерде қолданылады.

Сыбайлас жемқорлықпен құқық қорғау органдары ғана емес, бүкіл қоғам болып күресу қажет. Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа деген жағымсыз көзқарас қалыптасқанда ғана бұл зұлымдықпен күресуде оң нәтижелерді күтуге болады. Мемлекет тарапынан азаматтарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүріс-тұрыстарын мадақтау (оның ішінде материалдық мадақтау да)  олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес процесстарына белсенді қатысуларына мүмкіншілік береді.
Мемлекет ұйымдарының ұжымдарында орын алатын «бір-бірін сатпау» және «кәсіптік тұтастық» ұғымдары ары таза қызметкерлерге өздерінің абыройсыз қызметтестері жасаған құқық бұзушылықтары туралы хабарлауға мүмкіндік бермейді. Осы жағдайға байланысты мемлекеттік қызметшінің оған жария болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары жағдайлары туралы сол мемлекеттік органның басшылығына немесе құқық қорғау органдарына хабарлау міндеті және бұл міндетті орындамаған жағдайда тәртіптік жауапкершілікке тартылуы Президент жарлығымен енгізіліп, бұндай фактілердің алдын алуға мүмкіндік береді.
Шығыс Қазақстан облысының архивтер және құжаттама басқармасында мемлекеттік органда және оның қарамағындағы мекемелерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша белсенді іс-шаралар жүргізілуде.   
Басқармада сенім телефоны бар, лауазымды тұлғалардың заңсыз әрекеттері туралы арыздарды қабылдау бойынша жәшік қойылған. Бұйрықпен басқармада тәртіптік комиссия құрылған, басқарманың мемлекеттік қызметкерлерін «Мемлекеттік қызметкерлердің Ар-намыс кодексі» арқылы бақылау бойынша кітап ашылған.

Заңды және жеке тұлғалардан түскен өтініштер ҚР «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңына сәйкес қаралады.
Өтініштерді қабылдау және архив анықтамаларын беру Электронды қызмет көрсету орталығының виртуалды қабылдауы және анықтама үстелі арқылы заңмен белгіленген мерзімдерге сәйкес ұйымдастырылған.
Басқармада қабылдауға келушілердің және азаматтардың ауызша өтініштерін тіркеу журналдары бар. Ай сайын азаматтардың және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша жұмысқа ҚР Ұлттық архив қорының құжаттарын есепке алу және пайдалану бөлімі талдау жасайды.
Сыбайлас жемқорлық қылмыстарын болдыртпау мақсатымен архив мекемелерінің директорларын жұмысқа алу облыс әкімінің қолдауымен басқарма бастығымен жүргізіледі, мұрағат  мекемелерінің мамандарын жұмысқа алу басқарма бастығының қолдауымен архив директорларымен жүргізіледі, мемлекеттік қызметке қабылдау барлық рәсімдердің орындалуымен байқау немесе ауысу арқылы жүргізіледі.

Парақтар өзгертілді: 05-08-2016
Яндекс.Метрика
Copyright © 2007-2019
9736158