“Шығыс Қазақстан облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы”
мемлекеттік мекемесінің құрылымы
|
Басқарма қызметінің негізгі бағыттары:
- мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
- театр, музыка және кино өнері, мәдени-демалыс қызметі, кітапхана және мұражай ісі саласында облыстың мемлекеттік мәдениет ұйымдарын Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің құруына, қайта ұйымдастыруына және таратуына бастама жасайды, сондай-ақ олардың қызметін үйлестіруді жүзеге асырады;
- театр, музыка және кино өнерін, мәдени-демалыс қызметін және халық шығармашылығын, кітапхана және мұражай ісін дамыту жөнінде облыстың мемлекеттік мәдени ұйымдарының қызметін қолдайды және үйлестіреді, облыс мекемелерінің мәдениет саласындағы қызметін қамтамасыз етеді;
- шығармашылық қызметтің түрлі салаларында облыстық (өңірлік) байқаулар, фестивальдер және конкурстар өткізуді ұйымдастырады;
- облыстың тарих, материалдық және рухани мәдениет ескерткiштерiн есепке алу, қорғау, консервациялау, реставрациялау және пайдалану, сондай-ақ елдiң көрнектi мәдениет қайраткерлерiн мәңгi есте қалдыру жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;
- мәдени құндылықтарды уақытша әкету жөнiндегi сараптама комиссиясын құрады және Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің ол туралы ережені бекітуін ұйымдастырады;
- облыстың мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттаудан өткізеді;
- тарихи-мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, тарихи, ұлттық және мәдени дәстүрлер мен салттардың дамуына ықпал жасайды;
- мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлiк бередi;
- талантты жастарды және перспективалы шығармашылық ұжымдарды іздестіруге және қолдауға бағытталған іс-шаралар кешенін жүзеге асырады;
- мәдениет саласында әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар өткізуді жүзеге асырады;
- тарих және мәдениет ескерткiштерi мен оларды қорғау аймақтары бойынша жұмыстардың барлық түрлерiне ғылыми-жобалық құжаттаманы, жоспарлау, салу және қайта жөндеу жобаларын қарайды және келiседi;
- облыс аумағындағы жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің пайдаланылу және күтіп-ұстау тәртібін, сондай-ақ оларда археологиялық және ғылыми-реставрациялау жұмыстарының орындалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
- облыстың аумағында архив ісінде және құжат жасауда бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асырады;
- облыстың мемлекеттік архивтерінің сақтауына қабылданған Ұлттық архив қорының құжаттарын сақтауды, толықтыруды және пайдалануды ұйымдастырады;
- облыстың мемлекеттік архивтерінде сақталатын Ұлттық архив қоры құжаттарын мемлекеттік есепке алуды жүргiзу және олардың сақталуын қамтамасыз ету;
- облыстың коммуналдық меншiктегi тарихи және мәдени құжаттық ескерткіштерді қорғауды жүзеге асырады, оларды сақтау мен пайдалануды қамтамасыз етеді;
- құжаттардың ғылыми және практикалық құндылығына сараптама жүргiзудi ұйымдастырады;
- облыстың мемлекеттік архивтерінде сақталатын Ұлттық архив қорының құжаттары бойынша деректер қорын қалыптастырады;
- облыстың аумағында орналасқан, Ұлттық архив қорын толықтыру көздері болып табылатын ұйымдарда iс жүргiзудiң жай-күйiне, құжаттардың сақталуына ұйымдастырушылық-әдiстемелiк басшылық жасауды және бақылау жасауды жүзеге асырады;
- жеке және заңды тұлғалардың сұрауларын орындауды ұйымдастырады;
- сараптау-тексеру комиссиясы туралы ереженi бекітеді;
- ұлттық архив қорын және құжаттарын мемлекеттің, жеке және заңды тұлғалардың сұрауларын қанағаттандыру үшін пайдаланылуын ұйымдастырады ;
- республикалық меншіктегі тарихи және мәдени құжаттық ескерткіштерді қорғау, оларды сақтау және пайдалануды жүзеге асырады;
Архив
|