Шығыс Қазақстан облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы

Архивтік саласы

Баяндамашы: СТК мүшелері және облыс мемлекеттік мұрағатының сарапшылары

Орталығы Өскемен қаласында орналасқан Шығыс Қазақстан облысы жеке әкімшілік бірлік ретінде 1993 жылдың қазан айынан бастап жұмыс істеп келеді. 1940 жылдың шілдесінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазақ ССР ішкі істер халық комиссариаты басқармасының құрамында архив  бөлімі құрылды, оның бастығы  Н.И. Чичевский болды. 1940 жылы облыста «НКВД-ның облыстық архиві», Лениногор қалалық, Киров, Зырян, Предгорный, Ұлан, Шемонаиха, Верхуба, Бұқтырма, Большенарым, Катон-Қарағай, Марқакөл, Самар, Зайсан, ал 19841 жылдан бастап – Таврия және Күршім аудандық архивтері  жұмыс істеді. Қалыптасу кезеңінде облыстық архив қызметі үлкен қиындықтарды басынан кешірді: үй-жайлар, білікті кадрлар, материалдық база жоқ болды. 1940 жылы архив бөлімінің және облыстық архив қызметкерлері облыс ІІБ АХО-да, Киров аудандық архивінде отырды.

1941 жылдың қазан айында УНКВД-нің архив бөлімі мемлекеттік архивтер бөлімшесі болып қайта аталды, ал 1946 жылдан бастап УНКВД-нің архив бөлімі деп аталды. 1940-1958 жылдар кезеңінде облыс архив бөлімінің сегіз бастығы ауысты. Мұрағатшылардың білім деңгейі төмен болды: облыстық архив бөлімі мен облыстық архивтің 8 қызметкерінің 1 жоғары білімді, 4 толық емес орта, 3 – бастауыш білімі болды, 16 аудандық-қалалық архив меңгерушілерінің тек екеуінің ғана орта білімі болды.

1947 жылдан бастап архив бөлімінің жанында құжаттардың құндылығын сараптау сұрақтарын қарайтын сараптау-тексеру комиссиясы (СТК) жұмыс істей бастады. Архив бөлімінің жұмысы облыстық архивті жинақтау көзі болып табылатын қалалық және аудандық архивтерге инспекция жүргізу болды.
1960 жылы архив бөлімі үкімет қаулысына сәйкес ІІБ жүйесінен Шығыс Қазақстан облыстық атқару комитетінің қарамағына берілді. Бұл шара архив бөлімдерінің беделін арттырды, оларға үлкен құқықтар мен еркіндік берді. Осы уақыттан бастап облыстық архив қызметі пәрмендеп дами бастады. 1960 жылы пайдалануға облыс мемлекеттік архивінің 240 000 сақ. бір. арналған тұрпатты ғимараты берілді және оны жабдықтау басталды. 1963 жылы аудандық және қалалық архивтер таратылды. Облыс мемлекеттік архивінің Зайсан және Зырян филиалдары, 1966 жылы Лениногор филиалы құрылды. 1965 жылы архив бөлімін Черных Станислав Евгеньевич (1937-1990 жж.), ал облыс мемлекеттік архивін  Сайкина Фаина Александровна сияқты жоғары тарихи-архивтік білімі бар, өз істерінің энтузистері мен патриоттары  басқарды.

1960-1970 жылдар ішінде архив бөлімінің қызметкерлерінің жартысынан көбі ауысты, архив саласына кәсіби тарихи-архивтік және жоғары гуманитарлық білімі бар мамандар келді. Олар облыстық архив қызметін жоғары деңгейге көтерді, Республикадағы алдыңғы қатарлы архив бөлімдерінің біріне айналдырды. Архив бөлімінің меңгерушісі С.Е. Черныхтың басшылғымен Республика көлемінде жаңғыз тұрпатты ғимарат - облыс мемлекеттік архивінің Зырян филиалының ғимараты салынды, жеке құрам бойынша аудандық және қалалық архивтер құрылды (Зырян – 1977 ж., Катон-Қарағай – 1980 ж., Сереберенск – 1982 ж., Большенарым – 1984 ж., Самар – 1985 ж., Күршім – 1988 ж., Зайсан, Тарбағатай – 1989 ж., Лениногор, Өскемен – 1991 ж.). Олар облыс тарихы бойынша архив құжаттарын кеңінен насихаттай бастады, үш деректі очерктер кітабы «С берегов Иртыша» (1981 ж. КСРО ВДНХ қола медалі), «Одна, но пламенная страсть» (1986 ж.), «Под небом Алтая» (1989 ж.), «Воспоминание о Павле Васильеве» жинағы (1989 ж.)  басылып шықты, көптеген мақалалар жарияланды.

1992 жылы Халық депутаттары Кеңесі атқару комитетінің өкілеттілігінің тоқталуымен және Әкімшлік басшысының тағайындалуымен Шығыс Қазақстан облыстық Халық депутаттары Кеңесінің атқару комитетінің архив бөлімі Шығыс Қазақстан облыстық әкімшілігінің архив бөлімі болып қайта құрылды, 1992 жылдың тамызында  Шығыс Қазақстан облыстық әкімшілігінің архив және құжаттама басқармасы болып өзгерді. 1992-2000 жылдары басқарманы облыс архив қызметінде 30 жылдан астам жұмыс істеген және архивариустан облыс архивтер басқармасының бастығына дейінгі жолды жүріп өткен Пекаторос Людмила Анатольевна басқарды. Олбасқарған жылдары облыс архив мекемелерінің материалдық-техникалық базасы, құжаттарды сақтау жағдайы  барынша жақсарды, облыс архив мекемелерінің торабы кеңейді, онда 1992 жылы жаңадан құрылған 5 аудандық архив кірді: Глубокое, Марқакөл, Таврия, Ұлан, Шемонаиха.

1996 жылдың ақпанында Әкімшілік Басшысының өкілеттілігінің тоқтауына  және Әкімдердің тағайындалуына байланысты Шығыс Қазақстан облысы әкімшілігінің архивтер және құжаттама басқармасы Шығыс Қазақстан облысы архивтер басқармасы болып аталды.
1997 жылы Семей облысының тарауына байланысты Шығыс Қазақстан облысы архивтер басқармасының қарамағына Шығыс Қазақстан облысының Қазіргі заман тарихы құжаттама орталығы (бұрынғы Семей облысының мемлекеттік мұрағаты), Семей облысы мемлекеттік мұрағатының Аягөз және Жарма (бұрынғы Шар) филиалдары, Абай, Бесқарағай, Бородулиха аудандық архивтері берілді. 01.01.1998 жылы облыс архив мекемелері жүйесіне  Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік мұрағаты, Аягөз, Жарма, Зайсан, Зырян, Лениногор филиалдары, облыстың Қазіргі заман тарихы құжаттама орталығы және келесі 11 аудандық архивтер кірді: Абай, Бесқарағай, Бородулиха, Глубокое, Катон-Қарағай, Көкпекті, Күршім, Тарбағатай, Ұлан, Үржар, Шемонаиха.  

Шығыс Қазақстан облыс Әкімдігінің 2004 жылдың 24 желтоқсанындағы №18 «Облыс мемлекеттік басқару органдарының құрылымы туралы» Қаулысының негізінде Шығыс Қазақстан облысы архивтер басқармасы аумақтық бөлімшелердің қаржыландыру жөніндегі өкілеттілігі аудандықтан деңгейден  облыстық деңгейге беріле отырып, Шығыс Қазақстан облысының архивтер және құжаттама басқармасы болып өзгертілді.


2013 жылға арналған Шығыс Қазақстан облысындағы архив ісін дамытудың негізгі бағыттары
2012 жылға арналған Шығыс Қазақстан облысындағы архив ісін дамытудың негізгі бағыттары
2011 жылға арналған Шығыс Қазақстан облысындағы архив ісін дамытудың негізгі бағыттары
2010 жылға арналған Шығыс Қазақстан облысындағы архив ісін дамытудың негізгі бағыттары
2009 жылға арналған Шығыс Қазақстан облысындағы архив ісін дамытудың негізгі бағыттары
2008 жылға  арналған Шығыс Қазақстан облысындағы архив ісін дамытудың негізгі бағыттары

 

Парақтар өзгертілді: 26-01-2017
Copyright © 2007-2017
6660367