Шығыс Қазақстан облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы

Басшы туралы

Мекенжайы: 
070004, Өскемен қаласы
Қазақстан, 59/1
тел: 8(7232)70-25-04

Азамат Мартұлы МухамедчиновАзамат Маратұлы Мухамедчинов - 1978 жылы 23 ақпанда Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданының    Асу бұлақ кентінде дүниеге келген. Ұлты  қазақ, білімі жоғары, 2007  жылы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университетін «Музыка пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген. 2013 жылы Шығыс Қазақстан аймақтық университетін экономика мамандығы бойынша бітірді.
Еңбек жолын 1998 жылы ШҚО Жарма ауданының, Бақыршық ауылында, Бақыршық орта мектебінің  музыка пәнінің мұғалімінен бастаған;
2002-2008 жылдары Риддер қаласында «Шаңырақ» орта мектебінде концертмейстер және домбыра үйірмесінің жетекшісі болған;
2008 жылы  Риддер қаласының «Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ  «Мәдениет сарайы» КМҚК директоры болып тағайындалды;
2010 жылдың  20 желтоқсанынан бастап Риддер  қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы болды;
2012 жылдың  24 сәуірінен бастап Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы;
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 2016 жылғы 20 маусымдағы   № 85-к өкімімен «Шығыс Қазақстан облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасын мемлекеттік мекемесінің басшысы болып тағайындалды.

Лауазымдық міндеттері: 

Басқарма басшысы басқарманың жоғарғы жетекшісі болып табылады, мына міндеттерді орындайды;

  • Шығыс Қазақстан облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының жұмысына жалпы басшылық жасауды жүзеге асырады; 
  • басқарма қызметкерлерін, облыстың мәдениет және өнер мекемелерінің бірінші басшыларын лауазымға тағайындайды және босатады;
  • азаматтардың шағымдарын, ұсыныстарын және өтініштерін қарастыру бойынша жұмысқа бақылау жасауды, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің  Жарлықтарын,  облыс әкімдігінің, облыстық мәслихаттың қаулыларын, шешімдерін,  Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің бұйрықтарының орындалуына бақылау жасауды жүзеге асырады; 
  • мәдениет және өнер саласында мемлекеттік жоспардың орындалуын қамтамасыз етеді;
  • мәдениет және өнер мекемелерінде қаржы-шаруашылық қызметі жұмыстарына бақылау жасауды жүзеге асырады, мәдениет және мұрағат  қызметкерлерінің әлеуметтік мәселелерін шешуді қамтамасыз етеді;
  •  Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының және облыстық мәдениет және архив мекемелерінің штаттық кестесін бекітеді;
  • басқарма қызметкерлерінің, облыстық ведомстволық бағынысты мәдениет және өнер мекемелері директорларының лауазымдық міндеттерін белгілейді; 
  • белгіленген кестеге сәйкес жеке мәселелер бойынша азаматтарға қабылдау жүргізеді;
  • практикалық көмек көрсету және қойылған міндеттерге бақылау жасау мақсатында облыстың қалалық және аудандық мәдениет және архив бөлімдеріне, мәдениет және мұрағат  облыстық мекемелеріне баруды жүзеге асырады;
  • өз жұмысында 9001-2000 ИСО халықаралық стандартта жарияланған халықаралық сапаны  қолданады:
  • қызметкерлерге МСЖ саласындағы іс-шараларының маңыздылығын түсіндіреді;
  • қызметкерлердің сапа саласындағы Саясат пен мақсаттардың түсінуін қаматамасыз етеді;
  • тұтынушылардың белгіленген талаптарының, сондай-ақ, заңнамалық және реттемелеуші талаптардың орындаудың маңыздылығы туралы хабардар етеді; 
  • МСЖ жұмыс жай-күйінде ұстауға және оны жақсартуға қажетті ресурстардың басқаруын қамтамасыз етеді.

Азаматтарды қабылдау күні және уақыты:
Сәрсенбі сағ.16.00-ден 18.00-ге дейін

Сенім телефоны: 
8 (7232) 70-25-04

e-mail:a.muhamedchinov@akimvko.gov.kz

Парақтар өзгертілді: 02-09-2016
Copyright © 2007-2017
7406473